4.1. Ұтыс ойына қатыса отырып, абонент оны өткізу шарттарымен өзінің келісімін растайды.
4.2. «Отбасылық тарифке смартфон» және «Отбасылық тарифке роутер» науқандарына қатысушылар Ұтыс ойынына қатыса алмайды.
4.3. Компания қызметкерлері Ұтыс ойынына қатыса алмайды.
4.4. Отбасылық тарифтердің біреуі (Отбасылық 3, Отбасылық 5, Отбасылық 5 +, Отбасылық 7, Отбасылық 7 +) бойынша пайдаланбау себебімен және/немесе компанияның адалдығы бойынша төлем алуда түзетулер жүргізілген абоненттер Ұтыс ойынына қатыстырылмайды.
4.5. Кез келген себеппен бұғатталған және басқа операторлардың желісіне портталған нөмірлер Ұтыс ойынына қатыстырылмайды.
4.6. Ұйымдастырушы Ұтыс ойынының шарттарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Өзгерістер туралы қатысушылар SMS арқылы хабардар етіледі.
4.7. Компания төмендегілерге жауапты болмайды:
4.7.1. Жеңімпаздың кез келген себеппен жүлдені алмауы.
4.8 Ұтыс ойынына қатыса отырып, әр Жүлдегер дербес деректерінің жиналуына және өңделуіне, оның ішінде олардың жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратылуына, сондай-ақ жеңімпаз бейнесінің фото және бейнематериалдар түрінде пайдаланылуына келісімін береді және бейнелерді және өзге де деректерді Компания осы адамдарға қандай да бір өтемақы төлеместен және оларды кейін хабардар етпестен аудио-, фото- және бейнематериалдарда пайдалана алатындығын растайды. Сондай-ақ әр Жүлдегер тікелей эфирге, Ұтыс ойынына қатысуы туралы жарнамалық сұхбатқа, оның ішінде радио және телевизия, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына, сонымен қатар Ұйымдастырушының және/немесе үшінші тараптардың Ұйымдастырушының нұсқауы бойынша Жүлдегерлерді фото және видеоға түсіруге қатысуға келісетіндігін растайды.